Күншуақ жазғы лагерінде тәрбиелік мәні зор әрі қызықты іс-шара ұйымдастырылды. Лагерь жетекшілері П. Жантуреева мен М. Әбдімәжиттің ұйымдастыруымен оқушылар қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлеріне айналып, «Шалқан» және «Бауырсақ» ертегілерін сахналық қойылым түрінде көрсетті. ![]()
Шара барысында балалар өз рөлдерін жоғары деңгейде сомдап, актерлік шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін және сахна мәдениетін таныта білді.
Мұндай танымдық әрі тәрбиелік іс-шаралар балалардың қиялын дамытып, әдебиетке деген қызығушылығын арттырумен қатар, достыққа, ұйымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелейді. ![]()
![]()
Ертегілер әлеміне саяхат жасаған бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсерге бөленді