Skip to content

Лагерь күнделегінен: Шығармашылық шеберханасы

№133 негізгі мектебі жанынан құрылған «Күншуақ» жазғы лагерінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қызықты қолөнер сабағы өткізілді. ✨🖌️

Іс-шара барысында балалар өз қиялдарына ерік беріп, шыны құтыларды түрлі-түсті бояулармен әсемдеп безендірді. 🎨🫙 Әр оқушы өз жұмысына ерекше мән беріп, теңіз әлемі, табиғат көріністері мен түрлі сәндік бейнелерді шеберлікпен бейнеледі. 🌊⭐

Шығармашылық жұмыс барысында оқушылардың ұқыптылығы, эстетикалық талғамы мен өнерге деген қызығушылығы айқын байқалды. 🌈👏 Бір-біріне қолдау көрсетіп, өзара тәжірибе алмасқан балалар уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізді. 😊💫

Мұндай танымдық-шығармашылық шаралар балалардың қиялын дамытып қана қоймай, еңбекке баулып, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелейді. 🌟🎭

📸 Шара соңында оқушылар өз қолдарымен жасаған әдемі туындыларын мақтанышпен таныстырды.

Жетекшісі: Жантуреева П.

https://www.facebook.com/100041725388077/videos/pcb.2193560148711477/1015070624315780

https://www.facebook.com/100041725388077/videos/pcb.2193560148711477/1015070624315780