Skip to content

Лагерь күнделігінен: «Ертегілер әлеміне саяхат»

Күншуақ жазғы лагерінде тәрбиелік мәні зор әрі қызықты іс-шара ұйымдастырылды. Лагерь жетекшілері П. Жантуреева мен М. Әбдімәжиттің ұйымдастыруымен оқушылар қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлеріне айналып, «Шалқан» және «Бауырсақ» ертегілерін сахналық қойылым түрінде көрсетті. 🎭

Шара барысында балалар өз рөлдерін жоғары деңгейде сомдап, актерлік шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін және сахна мәдениетін таныта білді.

Мұндай танымдық әрі тәрбиелік іс-шаралар балалардың қиялын дамытып, әдебиетке деген қызығушылығын арттырумен қатар, достыққа, ұйымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелейді. 🌈🤝

🌟 Ертегілер әлеміне саяхат жасаған бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсерге бөленді