2026 жылғы маусым айында №133 негізгі мектебі жанынан құрылған «Күншуақ» жазғы лагерінде лагерь жетекшісі Тілеубердиева Күлпаш апайдың жоспарына сәйкес оқушылармен «Ертегілер әлеміне саяхат» атты кітап оқу сағаты ұйымдастырылды. ![]()
![]()
Іс-шара барысында балалар қызықты ертегілерін оқып, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасады. ![]()
Оқушылар ертегі арқылы жақсылық пен жамандықты ажыратып, достық, адалдық, мейірімділік секілді асыл қасиеттердің мәнін түсінді. ![]()
![]()
Кітап оқу барысында балалар өздерінің сүйікті ертегілері туралы пікірлерімен бөлісіп, белсенділік танытты. ![]()
Мұндай танымдық шаралар оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісінің кеңеюіне ықпал етеді. ![]()
![]()
Балалардың көтеріңкі көңіл-күйі мен кітапқа деген сүйіспеншілігі бұл шараның жоғары деңгейде өткенін көрсетті.
Жетекшісі:К.Тілеубердиева