16 маусым күні №133 негізгі мектебінің жанындағы «Күншуақ» жазғы лагерінде оқушылар үшін көңілді су ойындары ұйымдастырылды.
Шара барысында балалар жаздың ыстық күнінде сергіп, түрлі қызықты ойындарға белсене қатысты. Су шашу ойыны балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шаттыққа бөледі. Көңілді күлкі мен жарқын эмоцияларға толы сәттер лагерь өмірін одан әрі қызықты ете түсті.
Ойын барысында тәрбиеленушілер ұйымшылдық танытып, достық қарым-қатынастарын нығайтты. Балалардың қуанышты жүздері мен ерекше әсерлері бұл күннің есте қаларлықтай өткенін көрсетті.
«Күншуақ» лагеріндегі әр күн – қызыққа толы мереке!