«БІЗ БІРГЕМІЗ» ТРЕНИНГІ ӨТТІ
№133 негізгі мектебінің «Күншуақ» жазғы лагерінде мектеп педагог-психологы Калкузова Г. оқушыларға «Біз біргеміз» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг барысында балалар ұйымшылдықты, достықты және өзара сыйластықты нығайтуға бағытталған қызықты жаттығулар орындап, белсенділік танытты. Шара оқушылардың жағымды көңіл күйін қалыптастырып, бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етті.