Skip to content

№133 негізгі мектебі «Жаз–2026» бағдарламасының белсенді қатысушысы!

«Жаз–2026» бағдарламасы аясында Шиелі аудандық Оқушылар үйі ұйымдастырған мәдени-көпшілік, зияткерлік, спорттық және шығармашылық іс-шаралар мен байқауларға белсенді қатысып, оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін №133 негізгі мектебі арнайы дипломмен марапатталды.

Бұл марапат – мектеп ұжымының қажырлы еңбегінің, лагерь жетекшілері мен ұстаздардың жауапкершілігі мен шығармашылық ізденісінің нәтижесі. Жазғы лагерь барысында ұйымдастырылған түрлі танымдық, тәрбиелік және қызықты шаралар балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, шығармашылық қабілеттерін дамытуына үлкен мүмкіндік берді.

👏 Мектебіміздің жетістігі құтты болсын! Алдағы уақытта да шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, жаңа белестер мен толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!

🌟 Жетістік – бірліктің, еңбектің және ынтымақтың жемісі!