«Жаз–2026» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған аудандық «Тапқырлар әлемі» зияткерлік сайысында №133 негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы Рахматуллақызы Аружан өзінің білімділігі мен тапқырлығын танытып, ІІІ орынмен марапатталды. ![]()
![]()
Сайыс барысында қатысушылар түрлі логикалық тапсырмалар мен танымдық сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білім деңгейін, ойлау қабілетін және жылдам шешім қабылдау дағдыларын көрсетті. Аружанның зеректігі мен ізденімпаздығы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, жүлделі орыннан көрінді.
Бұл жетістік – оқушымыздың білімге деген құштарлығы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Жас зияткерімізді жеңісімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да білім бәйгесінде биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! ![]()
![]()
Білімді ұрпақ – еліміздің жарқын болашағы!
Жетекшісі:Жантөреев Айтмат


