Skip to content

Құттықтаймыз! Жас өнертапқыштың жетістігі!

2026 жылдың 8 маусымында «Жаз–2026» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған аудандық «Қалдықтан жасалған қолөнер» байқауында №133 негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы Бөлеген Айару өзінің шығармашылық қабілеті мен ерекше қолөнер туындысын таныстырып, ІІІ орынға ие болды.

Байқау барысында қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдалана отырып, түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, қоршаған ортаны қорғау мен қайта өңдеудің маңыздылығын көрсетті. Айарудың ұқыптылықпен және үлкен ізденіспен жасаған жұмысы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, жүлделі орыннан көрінді.

Бұл жетістік – оқушымыздың еңбекқорлығының, шығармашылық ойлауының және табиғатқа деген жанашыр көзқарасының айқын дәлелі. Жас шеберімізді жеңісімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!

Жас таланттардың әрбір жетістігі – мектебіміздің мерейі!

Жетекшісі:Жантуреева Перизат