09.06.2026 жылы №133 негізгі мектебі жанынан құрылған «Күншуақ» жазғы тынығу лагерінде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған «Асфальттағы ғажайып әлем» атты сурет салу іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында оқушылар түрлі-түсті борларды пайдалана отырып, өз қиялдарындағы әсем дүниелерді асфальт бетіне бейнеледі. Балалардың әрбір суретінен олардың шығармашылығы, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі мен жарқын армандары көрініс тапты.
Іс-шара өте қызықты әрі тартымды өтті. Оқушылар белсенділік танытып, бір-бірінің жұмыстарын қызығушылықпен тамашалады. Көңілді атмосфера қалыптасып, балалар көтеріңкі көңіл күйде әсерлі сәттерге бөленді. Осындай шығармашылық жұмыстар арқылы балалардың эстетикалық талғамы артып, ой-қиялы мен сурет салу қабілеттері шыңдала түсті.
Балалардың шат күлкісі мен жарқын суреттері лагерь аумағына ерекше сән беріп, жазғы демалыстың қызықты әрі есте қаларлық күндерінің біріне айналды.
«Күншуақ» лагері – балалардың жарқын жазғы естеліктер мекені!
Жетекшісі тәлімгер: Абуова Арайлым