Skip to content

Құттықтаймыз! Жеңісіңіз құтты болсын!

2026 жылғы 12 маусым күні «Жаз–2026» бағдарламасы аясында мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер арасында ұйымдастырылған «Үш тіл – бір жұмбақ» полиглоттар сайысында №133 негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы Рахматуллақызы Аружан өзінің білімділігі мен тілдік қабілетін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды. 🥉

🌟 Сайыс барысында қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түрлі тапсырмаларды орындап, өздерінің жан-жақты білімдерін, тапқырлықтары мен ой-өрістерін дәлелдеді. Аружанның табандылығы мен ізденімпаздығы нәтижесінде мектебіміздің мерейі үстем болды.

👏 Жүлдегер оқушымызды және жетекшісі Жантөреев Айтмат ағайды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!

🎊 Жеңісіңіз құтты болсын! Мектебіміздің мақтанышы болып, алар асуларыңыз көп болсын!