2026 жылғы 12 маусым күні «Жаз–2026» бағдарламасы аясында мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер арасында ұйымдастырылған «Үш тіл – бір жұмбақ» полиглоттар сайысында №133 негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы Рахматуллақызы Аружан өзінің білімділігі мен тілдік қабілетін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды. ![]()
Сайыс барысында қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түрлі тапсырмаларды орындап, өздерінің жан-жақты білімдерін, тапқырлықтары мен ой-өрістерін дәлелдеді. Аружанның табандылығы мен ізденімпаздығы нәтижесінде мектебіміздің мерейі үстем болды.
Жүлдегер оқушымызды және жетекшісі Жантөреев Айтмат ағайды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!
Жеңісіңіз құтты болсын! Мектебіміздің мақтанышы болып, алар асуларыңыз көп болсын!

