Skip to content

Жеңісіміз құтты болсын!

2026 жылдың 12 маусым күні мектеп жанындағы күндізгі лагерьлерге арналған «Жаз–2026» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған аудандық «Жұлдызды сәт!» таланттар байқауында №133 негізгі мектебінің 3-сынып оқушысы Төлеп Айжұлдыз өз өнерімен ерекшеленіп, І орын иегері атанды. 🥇👏

Байқау барысында жас өнерпаз сахна мәдениетін, шығармашылық қабілетін және талантын жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының ықыласына бөленді. Бұл жетістік – оқушының талабы мен еңбегінің, сондай-ақ жетекшісінің жүйелі жұмысының жемісі.

🎉 Жеңімпазымызды және жетекшісі Жәрімбетова Жаңагүлді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіңізге тілектеспіз!

🌟 Өнерің өрге жүзсін! 🌟 Жұлдызың әрдайым жарқырай берсін!