2026 жылдың 12 маусым күні мектеп жанындағы күндізгі лагерьлерге арналған «Жаз–2026» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған аудандық «Жұлдызды сәт!» таланттар байқауында №133 негізгі мектебінің 3-сынып оқушысы Төлеп Айжұлдыз өз өнерімен ерекшеленіп, І орын иегері атанды. ![]()
![]()

Байқау барысында жас өнерпаз сахна мәдениетін, шығармашылық қабілетін және талантын жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының ықыласына бөленді. Бұл жетістік – оқушының талабы мен еңбегінің, сондай-ақ жетекшісінің жүйелі жұмысының жемісі.
Жеңімпазымызды және жетекшісі Жәрімбетова Жаңагүлді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіңізге тілектеспіз!
Өнерің өрге жүзсін!
Жұлдызың әрдайым жарқырай берсін!
