Skip to content

«Көп оқыған – көп біледі» әдеби-танымдық шарасы

11.06.2026 жылы №133 негізгі мектебі жанынан құрылған «Күншуақ» жазғы лагерінде лагерь жетекшісі Тілеубердиева Күлпаш апайдың жоспарына сәйкес «Көп оқыған – көп біледі» тақырыбында әдеби ойындар мен викториналық сұрақтардан құралған танымдық шара өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылардың білімін шыңдауға бағытталған түрлі тапсырмалар ұйымдастырылды. Әсіресе, мақал-мәтелдер жасырылған суреттер көрсетіліп, балалар сурет мазмұнына қарай мақалдарды тауып, мағынасын түсіндірді. Бұл тапсырма оқушылардың тапқырлығын, ойлау қабілетін және халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттырды.

Сонымен қатар, викториналық сұрақтарға жауап беріп, әдеби шығармалар мен кейіпкерлер туралы білімдерін ортаға салды. Балалар белсенді қатысып, өзара пікір алмасып, білімдерін толықтырды.

📖 Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздік қорын байыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру болды.

🌞 Танымдық әрі қызықты өткен шара балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, есте қаларлық әсер қалдырды.

Жетекшісі: Тілеубердиева Күлпаш