Skip to content

«Су патшасы» — көнілді ойын, керемет көніл күй!

12 маусым күні №133 негізгі мектебі жанынан құрылған «Күншуақ» жазғы лагерінде «Жас қазақ» клубының жұмыс жоспарына сәйкес қызықты әрі көңілді іс-шара ұйымдастырылды. Лагерь жетекшісі Абуова Арайлымның ұйымдастыруымен оқушылар арасында шармен ойналатын «Су патшасы» ойыны өткізілді. 💦🎈

Ойын барысында балалар белсенділік танытып, түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Көңілді жарыстар мен қызықты сәттер оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа және достық қарым-қатынасқа деген қызығушылығын арттырды. 🤗✨

Балалар ойыннан ерекше әсер алып, жазғы демалыс күндерін пайдалы әрі көңілді өткізді. Осындай танымдық әрі сергіту шаралары оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді. 🌈🌟

🎉 Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері шараның жоғары деңгейде өткенінің айқын көрінісі болды!

https://www.facebook.com/100041725388077/videos/pcb.2190576369009855/1654266472497073